RU
Алексей Луценко аса тартысты бәсекеде Азия ойындарының алтынын жеңіп алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алексей Луценко аса тартысты бәсекеде Азия ойындарының алтынын жеңіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алексей Луценко. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Алексей Луценко. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды. 

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25.

Күміс жүлде Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel