RU
Байбек: Туристердің барлығы бірден тиін туралы сұрайды
Жаңалықтар Қоғам

Байбек: Туристердің барлығы бірден тиін туралы сұрайды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қоғамда қызу талқыға түскен тиін жөнінде өз пікірін білдірді. Бұл туралы әкімшіліктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Байбек. Фото: bnews.kz. Фото: NUR.KZ

Бауыржан Байбек. Фото: bnews.kz. Фото: NUR.KZ

Қала басшысы білім қызметкерлерінің тамыздық жиынында жергілікті тұрғындардың қолайлы өмірі үшін барынша жағдай жасалып жатқанын айтты.

Бауыржан Байбек мәдени байыту шарасы аясында 16 арт-объект орнатылғанын мәлімдеді. Олардың бірі атышулы "тиін".

Аталмыш құрылымға 23 миллион теңге қаржы жұмсалғаны көпшіліктің ашуын келтіріп, қоғамда қызу талқыға түсті.

Әкімнің мәлімдеуінше, мемлекеттік қазынадан оған 15 миллион теңге берілген.

"Халықаралық стандарт бойынша бұл қымбат емес жоба болып табылады", - деп айтты Байбек.

Мысал ретінде қала басшысы Шанхайдағы "түлкі" мен Чикагодағы "үрмебұршақ" құрылымдарын келтірді. Оларға шамамен 36 миллион доллар қаржы құйылса керек.

"Біздің объектіні айтатын болсақ. Ол өз бағасын толықтай ақтады. Өйткені Алматы туралы BBC, FoxNews, New York Post іспетті бірқатар әлемдік басылымдар мен ақпарат өкілдері айтты" , - деді әкім.

Оның айтуынша, атышулы "тиын" тек қана ел аумағында емес, халықаралық аренада да үлкен танымалдылыққа ие болды. Ақпараттық әсер өте қуатты болғаны соншалық, құрылымға кеткен қаражат өзін ақтады деген ойда Бауыржан Байбек.

"Енді алматыға келген туристердің барлығы бірден "тиіннің" қайда екенін сұрап әлек" , - деп қорытындылады ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
0
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel