RU
Шахматтан өткен Еуропа чемпионатында "balapan" арнасының мультхикаясы таныстырылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шахматтан өткен Еуропа чемпионатында "balapan" арнасының мультхикаясы таныстырылды

Рассказать Вконтакте

2018 жылғы 19-шы тамыз күні Ригада басталған Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында «balapan» телеарнасының тапсырысымен Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы дайындаған "Шахмат патшалығы" анимациялық мультхикаясы таныстырылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: "Балапан" арнасы

Фото: "Балапан" арнасы

Аталған мультхикая 32 бөлімнен тұрады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әзірленген. Жобаның мақсаты – сапалы 3D анимация жасау ғана емес, сонымен қатар, 4 жастан асқан балаларға шахмат ережелері мен негізгі қағидаларын үйрету. Сондай-ақ логикалық ойлау жүйелерін қалыптастыру.

Ашылу салтанатына ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Латвияның Қаржы министрі, халықаралық гроссмейстер Дана Резница, Латвияның Білім министрі, Рига қаласының вице-мэрі, белгілі жаттықтырушылар, танымал шахматшылар және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Айта кетерлігі, 30-шы тамызға дейін жалғасатын әйгілі шахмат додасына 47 еуропалық шахмат федерациясынан 1000-нан астам балалар қатысады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel