RU
Айсәуле Бақытбек құрбылары мен күйеу жігіті туралы бар шындықты жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек құрбылары мен күйеу жігіті туралы бар шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде өз өмірі жайлы тағы да жазба жариялады. Бойжеткен өзінің күйеу жігіті мен құрбылары жайында бар шындығын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәулеге көпшілік достарының атағы үшін араласатынын жиі айтады екен. Ал бойжеткеннің ойынша, оның достарының ешқайсысы атаққа ұмытылмайтын көрінеді.

Құрбылары жайлы ағынан жарылған Айсәуле күйеу жігіті туралы да қызықты естеліктермен бөлісті.

"Біз енді араласып жүргенде оның достары "Досым, оның анасы Баян Есентаева ғой" деп айтқан екен. Ол бұл есімді көп естігендіктен, танымал адам екенін бірден ұғыпты. Тіпті, алғашында ол менің анам "Есентай Моллды" басқаратын егде әйел деп ойлапты" ,- деді Айсәуле жазбасында.

Айсәуленің сөзінше, оның құрбылары консервативті және діни көзқарасты ұстанады екен.

"Менің құрбым консервативті отбасынан. Сол себепті, мен барлық суретке жалғыз түсемін. Оның отбасы менің жазбаларымды ұнатпайды. Тіпті, менімен араласпағанын қалайды. Екінші құрбым да діни көзқарасты ұстанады. Ол түскен суретімізді желіге салуға рұқсат бермейді. Онымен қоса көшеде ашық киінгенімді қаламайды", - деді продюсердің қызы.

Айта кетейік, бұл жазба бір тәуліктен ішінде он мыңдаған лүпіл мен пікір жинап үлгерген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
2
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel