Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

300 жігітпен төсектес болған қазақстандық ару тіл тартпай кетті

Опубликовано:

Шамамен 300 жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп келген қазақстандық бойжеткен өмірімен қош айтысты. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне бойжеткеннің құрбысы айтып берген деп жазады NUR.KZ.

Бойжеткен. Көрнекі фото: funquatre.fr
Бойжеткен. Көрнекі фото: funquatre.fr: UGC

Наталья Корнеева (аты өзгертілген) күйеуімен ажырасып кеткен көрікті әйел болатын. Сұр көзді, мінсіз мүсінді ару қалаған жігітті өзіне ессіз ғашық ете алатын.

Бойжеткен жігіттердің басын қалай айналдыратынын құрбысы Оксанаға айтып беріп отырыпты.

«Біз Наташамен араласып жүргенде оның бар ойы жігіттерде болды... Бұл менің қытығыма тиетін. 20 жыл күйеуіммен бірге тұрып жатқан мен үшін отбасы құндылықтары бірінші орында еді", - деп есіне алды Оксана.

Оксананың сөзіне сенсек, Наталья он жыл бойы түрлі жігіттермен жыныстық қатынасқа түсіп келуінің салдарынан аяқ асты ауырып қалған. Бойжеткеннің денесіне жара шығып, ыстығы көтеріле беріпті.

Наталья тамақ ішуден қалып, 65 келіден 40 келіге дейін қатты азып кетеді. Оксана құрбысына дәрігерге қаралу керектігін, жыныстық инфекцияға тексерілу қажеттігін қанша айтса да, Наталья еш құлақ аспапты.

Сол беті дәрігерге қаралмаған ару өлер алдында сүйіктілерінің есімін атаумен болыпты: Андрей, Васька, Олег, Борис…

Бойжеткен қойын дәптеріне өмірінде неше жігітпен төсектес болғанын тізіп жазған екен. Тізімде кемінде 300 жігіттің есімі жүр.

Психолог-мамандардың айтуынша, жыныстық қатынасқа тойымсыз болу - промискуитет деп аталатын дерт түрі екен. Мұндай адамдар әдетте түрлі жыныстық ауруларды жұқтырып тынады.

Анжелика Орлованың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748919-300-zigitpen-tsektes-bolgan-kazakstandyk-aru-til-tartpaj-ketti/

pixel