RU
Талдықорғанда бұрынғы қала әкімінің орынбасары сот алдына келді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Талдықорғанда бұрынғы қала әкімінің орынбасары сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанның бұрынғы қала әкімінің орынбасары Әсет Шаяхметовке қатысты сот отырысы басталып кетті. Лауазымды шенді пара алғаны үшін айыпталып жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Әсет Шаяхметов Қылмыстық кодекстің 366 бабы (пара алу), 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақша немесе мүлікті жылыстату (заңдастыру) бойынша айыпталуда.

Әсет Шаяхметов қатысты сот отырысы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Қылмыстық іс 32 томнан тұрады.

Айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы бұрынғысынша - үйқамақта ұстау бойынша қалдырылған.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Әсет Исекешев былтыр «пара алды» деген күдікке ілініп, кейін ұсталардан бірнеше күн бұрын жұмысынан кеткен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel