RU
Әкесінің досына қызмет көрсеткен жөзекше қыз желіде жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Әкесінің досына қызмет көрсеткен жөзекше қыз желіде жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Қалаға оқуға келіп, күн көре алмай жеңіл жүріске салынған қыз желіде жанайқайын жеткізді. Ол амалсыздан әкесінің досына да қызмет көрсеткен деп NUR.KZ хабарлайды.

Жеңіл жүрісті қыз. Көрнекі фото: ИноСМИ

Жеңіл жүрісті қыз. Көрнекі фото: ИноСМИ

17 жасында ауылдан оқу іздеп, үлкен қалаға келген бойжеткен өмірі туралы ащы шындықты жайып салды.

Айтуынша, бойжеткен жағдайы төмен отбасынан шыққандықтан, аз уақыттан соң ерікті түрде жеңіл жүріске салынады.

«Ең алғаш рет таксист ақша үшін төсектес болуымды сұрағанда қатты жылағанмын. Кейін ойлана келе өзім шешім қабылдап, жұмысқа шықтым. Көп ақша таптым», - деп жазды ол.

Содан соң жаңа жұмыстың қызығына батып жүрген уақытта кезекті клиент әкесінің досы болып шығады.

«Мен ол кісіні көргенде қашып үлгермедім. Сосын машинасына шақырып алды, әуелі жылап отыр едім, мені жұбатқандай болып, сүйе бастады. Мен одан әкеме айтпауын өтіндім», - дейді ару.

Осылайша ол бірнеше уақыт бойы әкесінің досына қызмет етеді. Тіпті кейін әкесінің досы ішіп келіп, бойжеткенді ұрып-соғуды да шығарған. Амалы таусылған бойжеткен желі қолданушыларынан көмек сұрады.

«Шыдамым таусылып бітті. Не істеймін, маған кеңес беріңіздерші», - деп сөзін аяқтады ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
3
1
3
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel