RU
Сапарбаев жеңіле беретін ақтөбелік спортшыларға шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев жеңіле беретін ақтөбелік спортшыларға шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев спортқа миллиондап қаржы бөлінгенімен, спортшылардың жетістіктері көңіл көншітпейтінін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: aktobenews.kz

Бердібек Сапарбаев. Фото: aktobenews.kz

Бүгін, 23 тамызда Ақтөбе облысы әкімінің төрағалығымен өңірдегі спорттың даму мәселесі қаралды. Жиын барысында облыс әкімі спорт бөлімі мен федерация басшыларының жұмысын сынға алды.

"Үш жылдың ішінде бір емес, бірнеше рет кездестік. Бірақ талай айтылса да, өкінішке қарай, спорттағы жетістіктеріміз өте нашар. Соңғы үш жылдың ішінде Олимпиада ойындары қатарына кіретін спорттан бір де бір әлем не Азия чемпионы жоқ!", — деген Сапарбаев соңғы Азия ойындарының нәтижесіне де көңілі толмайтынын білдірді.

"Азия ойындарына былтыр 4, осы жылы 8 спортшы жібердік деп мақтанамыз. Айнағұловқа үміт арттық, бірақ ол қола алды. Жүзушіміз ақтық топқа да кірмеді. Міне, біздің жұмысымыздың нәтижесі!", — дейді облыс әкімі.

Бердібек Машбекұлы спортшылардың іріктелуіне тоқтап, ондағы әділ таңдауға күмән білдірді.

"Жарыстарға "блатпен" баратын сияқты. Егер жақсы спортшылар іріктелгенде, мұндай нәтиже болмас еді. Әр түрлі оқу жаттығу жиындарына миллиондаған ақша бөлініп жатыр. Бірақ сол жиындардың бір де бір қатысушысы Қазақстан, Азия чемпионаттарында орын алмайды. Жиынға 30 адам қатысты деп есепте жазады. Бірақ шынымен одан да аз адам қатысады. Бір сөзбен айтқанда, спортқа бөлініп жатқан қаражатымыз бен көңіліміз ақталмай жатыр", — дейді Бердібек Сапарбаев.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel