RU
Өзбекстанда телеарналарға Ислам Каримовтің атын атауға тыйым салынды
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанда телеарналарға Ислам Каримовтің атын атауға тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан Ұлттық Телерадиокомпаниясының құрамындағы барлық телеарналарға елді 27 жыл басқарған басшы Ислам Каримовтың атын атауға тыйым салынды. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Abnews.ru

Фото: Abnews.ru

Бұл бұйрықтың берілгені туралы Өзбекстан арналарының бірінде тікелей эфирде жұмыс істейтін жүргізуші айтқан.

Ол Ислам Каримовтың атын атамау туралы бұйрық президенттің мемлекеттік кеңесшісі Хайриддин Сұлтановтан келіп түскенін жеткізген екен.

Ал тағы бір өзбекстандық телеарнаның бас редакторы эфирде Каримовтың есімін атамау ұсыныс емес, талап болғанын айтады.

Оның сөзінше, алғашқы президенттің атын айтпау Өзбекстан арналарына бір ай бұрын айтылған екен.

Елдегі "Ешлар" телеарнасы журналисінің айтуынша, басшылық тек Ислам Каримовтің атын атамауды емес, бағдарламаларда оның суреті мен естеліктерін көрсетпеуді, оның есімі жазылған ешқандай репортажды жарыққа шығармауды бұйырған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
5
1
2
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel