RU
Жанар Айжанова Ақтөбедегі қоғамдық көлік бағасына алаңдап отыр (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Айжанова Ақтөбедегі қоғамдық көлік бағасына алаңдап отыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Жанар Айжанова Ақтөбедегі қоғамдық көлік бағасына алаңдап отыр. Әнші өз Instagram парақшасына осы мәселені қозғаған зейнеткердің видеосын салып, оқырмандардың пікірін сұраған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 0apk.co

Фото: 0apk.co

Ол парақшасына жүктеген видеосының астына "Сіздер қолдайсыздар ма? Әлде, қарсысыздар ма?" деген жазба қалдырған.

Ал видеода зейнеткердің Ақтөбедегі қоғамдық көліктің бағасына қатысты айтқан пікірі көрсетілген. Ол қаладағы автобустардың жол жүру ақысын неге көтергенін түсінбейтінін айтып тұрыпты.

Сондай-ақ, әжей Ақтөбедегі жағдай Алматы, Астана қалаларымен салыстыруға келмейтінін, халықтың қалтасы қымбат жол ақысын көтермейтінін жеткізген.

Видеоны көрген желі қолданушылары бірауыздан әжейді қолдап, жағымды пікірлер қалдырған. Олар қоғамдық көлікте жүруді қымбаттатудың қажеті жоқ екенін айтыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel