RU
Қызы трактордың астында қалған жетісайлық ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Қызы трактордың астында қалған жетісайлық ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Жетісайда жазғы демалысында анасына қолқанат болуды көздеген жасөспірім, егістік алқабына жұмыс істеймін деп алып техниканың астында қалған. Бүгінде 17 жастағы қыз баланың жағдайы мәз емес деп жазады Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанерке Ерген. Фото: otyrar.kz

Жанерке Ерген. Фото: otyrar.kz

Жанерке Ергеннің аурухана төсегіне таңылғанына жиырма күннен асты. Алғашқыда ауыр халде жеткізілген жасөспірім қыз басынан қатты жарақат алған. Дәрігер жеткіншекке ұзақ ем-дом қажет екенін айтып отыр.

"Басынан қатты соққы алған. 1-тамыз күні түсті, жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жеке палатаға шығарылып, күтушісі ретінде қасына анасы жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Көп күтім керек. Ертең ауруханадан шықса да, невропотологтың қадағалауында болады", - дейді емдеуші дәрігері Тимур Ахмедов.

Қызының аянышты күйде жатқаны анасының жанына батады. Егістік алқапқа амалы жоғынан шығарғанын да жасырмайды. Трактор жүргізушісінің бейғамдығынан, тіркеменің астында қалды деп отыр. Құлағындағы құлаққап қасындағылардың "Тоқта" деп айқайлағанын да естіртпеген. Екі балоны басын жаншып өтіпті.

Жанеркенің анасы Гүлмира Өтембаева. Фото: otyrar.kz

Жанеркенің анасы Гүлмира Өтембаева. Фото: otyrar.kz

"Маған келіп, арызыңды қайтып ал, кешірім бер дейді. Мен қалай кешірім беремін? Қызым ауруханада жатыр. Жағдайы болса — анау. Мен олардан ақша сұрағаным жоқ, тек қызымды аяғынан тұрғызып бер деп отырмын. Қазір келіп, жағдайын сұрамаған соң, қолхат бер дедім, оны ноториус арқылы заңдастырайық дедім", - дейді Жанеркенің анасы Гүлмира Өтембаева.

Жанеркенің анасы трактор жүргізушісі адам басты деп сезініп отырған жоқ дейді. Алдына келіп, кешірім сұраудың орнына, туыстарымен келіп, қарызыңды қайтып ал деп шу шығаратын көрінеді. "Ем-домына көмектес, аяғынан тік тұрғызып бер" деген талабын орындаудан бас тартқан.

"Баламды қалай болса да шығарып аламын. Сенің қызыңның еміне кеткен ақшаны полицияға беріп, шығырып аламын" дейді. Дәрігерлерге де жолықпаған. Сосын оны шығарамыз деп отыр. Қазір бәріне шай-пұл беру керек", — дейді Жанеркенің туыстары.

Ал тракторшы жігіттің жақын туысы кешірім сұрап бармаймыз деп бекінгендерін жеткізді.

"Тракторға мінбе десе, жүгіріп мінген. Қыз да, мамасы да, егістік басындағы бригадир де кінәлі. Баланың да кінәсі бар ғой. Бізден ақша сұрады, 1 млн теңге. Сол дұрыс па? Енді бармаймыз кешірім сұрап, сотқа берсін, қызы тірі ғой", - дейді трактор жүргізушісінің туысы Юсуп.

Айта кетейік, аталмыш оқиға Мақтарал АІІБ 1 ПБ-де СДТБТ-ға тіркелген. Қазіргі таңда анықтаушылармен Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
9
1
4
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel