RU
"Түнде қонуға қорқамыз": Зейнеткер Кеңсай-2 зиратын басқа жаққа көшіруді талап етті
Жаңалықтар Қоғам

"Түнде қонуға қорқамыз": Зейнеткер Кеңсай-2 зиратын басқа жаққа көшіруді талап етті

Рассказать Вконтакте

Алматылық Иван Токарев Кеңсай-2 зиратын басқа жаққа көшіруді талап етіп отры. 80-нен асқан қарияның айтуынша, күн өткен сайын саяжайға жақындаған қорым жұртқа қолайсыздық туғызуда екен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматылық Иван Токарев 53 жыл құтты мекеніне айналған саяжайға қазір сирек ат басын бұрады. Өмірімде өлілермен қоңсы болуды ойламаппын деген ол, жота басындағы Кеңсай-2 зираты жыл өткен сайын саяжайға ентелей түскенін айтады  Тіпті, қорымнан қорқып үрейі ұшқан жұрт үдере көшуге кірісті дейді зейнеткер.

"Айналада тірі жан қалмады. Мына тұста 11 саяжайдың иесі үйлерін тастап кетті. Күндіз келсек те, түнде қонуға қорқамыз. Кейбіреулер өлілерден несіне қорқасың деп келемеждеп жатады. Дәттері шыдаса өздері келіп көрсін. 20 жыл бұрын бұл жотаның көрінісі керемет еді. Қазір терезеден қарау да мүмкін емес", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Иван Токарев.
Иван Токарев. Кадр КТК арнасы

Иван Токарев. Кадр КТК арнасы

Жасы 80-нен асса да құжатқа құнтты қария арызын көтеріп талай құзырлы мекеменің табалдырығын тоздырыпты. Өтінішінде Кеңсей-2 қорымын жотаның басқа бөлігінен  жалғастыруды сұраған. Ал арнайы рәсімдік қызмет көрсету комбинатының өкілдері, зират аумағында заңға қайшы әрекет жоқ дейді. Айтуларынша, арызданушының саяжайы мен қорым арасы  500 метр. Санитарлық талап бойынша 300 метр қашықтық жетеді дейді олар.

"Кеңсай-2 зиратының аумағы мемлекеттік актімен заңды бекітілген. Сондықтан бұл беткейге жерлеуді тоқтатуға құқығымыз жоқ. Бірлі-жарым адамның талабымен заңға қарсы шыға алмаймыз. Барлығы заң аясында реттелген. Ал, Токаревтың өтініші ақылға сыймайды", - дейді "Арнайы рәсімдік қызмет көрсету комбинаты" директорының орынбасары Марат Исмаилов.

Дегенмен зейнеткер Иван Токарев талабымды соңына дейін жеткізбей тынбаймын деп бекініп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
3
0
2
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel