RU
Семейде камерада жалғыз қалған әйелдің өлі денесі табылған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейде камерада жалғыз қалған әйелдің өлі денесі табылған

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да әкімшілік жазаға тартылған әйел камерада асылып қалды. Оқиғаның мән-жайы Семей қаласының № 2 сотының материалында баяндалады деп хабарлайды Altaynews сайтына жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bessarabiainform.com

Көрнекі фото: bessarabiainform.com

Өткен жылдың 11 қазанында полиция қызметкері әкімшілік тәртіпті тұтқындалғанға арналған қабылдау мекемесіне кезекшілікке тұрады. Камералардың бірінде бірнеше күн бұрын қамауға алынған семейлік тұтқын әйел болған.

Оның камераласының сотта берген жауабына сүйенсек, ол тәртіп сақшысын әлгі тұтқынның жат қылықтары туралы бірнеше рет ескерткен, алайда одан еш нәтиже шықпайды. Біраз уақыттан кейін камерада жалғыз қалған әйелдің өлі денесі табылды.

Бейнебақылау камераларындағы жазбада тұтқындардың дұрыс қадағаланбағаны байқалады. Видеода әйел киімінің қалтасынан жіп алып шығып, торлы есікке байлап, өз-өзіне қол салғаны жазылып қалған. Ал оның денесін полицейлер тек екі сағаттан кейін тауып алды.

Сотта кезекші болған полиция қызметкері кінәсін толық мойындады. 17 шілде күні оған шартты түрде алты ай бас бостандығынан және үш жылға мемлекеттік қызметте жұмы істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel