RU
Айына 20 млн: Алматыда контрабандамен айналысқан кеденшілер сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

Айына 20 млн: Алматыда контрабандамен айналысқан кеденшілер сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Алматыда контрабандалық тауарлар өткізіп, пара алумен айналысқан кеденшілердің соты басталды деп хабарлайды Алматы арнасы.

Сотталушылар. Фото: Алматы арнасынан кадр

Сотталушылар. Фото: Алматы арнасынан кадр

Кәсіпкерлерді қорқытып, аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алған тоғыз адамнан құралған қылмыстық топ «Алтынкөл» кеден бекетінде контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізіп отырған.

Ал ауызбастырыққа жүктің әрбір артық келісі үшін 200 теңгеден пара алған. Сөйтіп, арандары ашылған лауазымды тұлғалар айналдырған 1 айдың ішінде 19 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Ұйымдасқан қылмыстық топты қазір іздеуде жүрген Абай Азиханов құрған.

«Кеден қызметкерлеріне шетелден әкелетін тауарлар көлеміне шектеу бары белгілі болды. Яғни, жеке тұлғалар шекарадан айына тек бір рет тауар өткізе алады және жеткізілген тауардың салмағы 50 келіден аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Кеден Одағының шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар адам басына 1500 еуродан аспауы керек. Азиханов заңдағы осындай талаптардың барын біле отырып әрі бекеттен халық тұтынатын тауарларды ірі көлемде алып өтуге қызығушылығы бар кәсіпкерлердің көп екенін ескеріп, бұл жайтты өз пайдасына жаратуға кіріседі», – деді мемлекеттік айыптаушы Сергей Горхов.

Олар пара беруден бас тартқандардың құтын қашырып, тонналаған тауарларын уақытша сақтау қоймасынан шығармай қойған. Тіпті, кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартыпты.

«Бөлімшені басқаратын Қалдаманов Бекжанның бұл қылмысқа бірлескені Азихановқа ыңғайлы еді. 2017 жылдың қазан айында Азиханов Қалдамановқа өзі құрған қылмыстық жоспарын егжей-тегжейлі айтып, сыбайлас болуға шақырады», – деді мемлекеттік айыптаушы Сергей ГОРОХОВ.

Азиxанов пен Қалдамановтың ойы бір жерден шығады. Сөйтіп, олар қылмыстық топқа жетекшілік етеді әрі қарамағындағы өзге әріптестерін де заңсыз әрекет етуге тарта бастайды.

«Қараша айының соңында маған Азиханов келіп тауарларды тексермей өткізе бер деді. Егер қандай да бір кедергі келтірсем, мені басқа бекетке ауыстыратынын айтты. Сөйтіп, Құдырет деген біреу келіп тауарларды өткізіп, қолыма 150 мың теңге ұстатты.

Ол ақшаны жанымдағы әріптестерім Аташев және Зайнидинов үшеуіміз бөліп алдық. Кейін тағы 200 мың теңге және 400 мыңдай теңге алдық. Бұған дейін Құдіретті өмірімде мүлде көрмегем. Айыптау актісін оқыған кезде оның шын аты басқа екенін және ол агент екенін түсіндім», – деді сотталушы Мәди Камал.

Қарапайым саудагерден қыруар қаржы алып үйреніп қалған бекеттегі лауазымдыларды анықтау оңайға соқпаған көрінеді. Арада делдал қызметін атқарған бүркеншік есімділердің барлығы құзырлы органдардың арнайы жіберген агенті болып шықты.

Тергеу материалдарына сүйенсек, тоғыз кеденші айналдырған бір айдың ішінде 19 млн 618 мың теңге пара алған. Тапқан олжа барлығына бірдей бөлінгенімен, қаржының қыруарын қылмыстық топтың жетекшілері Азиханов пен Қалдаманов қалтаға басқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel