RU
Некесіз жүкті болып қалған қыздардың сәбиіне таласатын әйелдер жұртты дүрліктірді
Жаңалықтар Қоғам

Некесіз жүкті болып қалған қыздардың сәбиіне таласатын әйелдер жұртты дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Бүгінде желіде отырып бала іздейтін аналар көбейіп барады. Арнайы әйел адамдарға арналған парақшаларда "баланы маған бер", деген жазбаларға қарасаң көз сүрінеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: ymadam.net

Фото: ymadam.net

Қазіргі таңда желіде отырып кез келген қажетіңізді таба аласыз, тіпті баланы да. Соңғы уақытта түрлі парақшаларда бала сүюді арман еткен әйелдердің жазбасы таңдай қақтырады.

Әсіресе, Instagram желісінде арнайы қыз-келіншектерге арналған парақшаларда бала іздеу жарнамасы өршіп тұр. Мұндай парақшаларда әйелдер көбінесе ешкімге аша алмайтын ішкі құпияларымен, отбасылық мәселелерімен, күйеуімен қарым-қатынасы туралы жазады. Кейде тіпті өрімдей жас қыздардың осында отырып үлкен әйелдерден ақыл-кеңес сұрап жататынын да жиі байқаймыз.

Сонымен қатар, желі қолданушылары мұнда тек қана өзгенің басындағы қайғысын бөлісіп қана емес, қол ұшын созып көмектесуге де дайын тұрады.

Мәселен, желідегі "Әйел бақыты" парақшасында 19 жастағы бойжеткеннің оқиғасы көпшіліктің жүрегін ауыртты. Ол болашақ күйеу жігітінен алданып, аяғы ауыр болып қалған. Ал өзін жар етіп аламын деп сендірген жігіті, өзге қыздың жары болып кете барған. Нәтижесінде бойжеткен некесіз жүкті болып қалған.

Желідегі жас қыздың жазбасынан кейін одан баласын өзіне беруді сұраған әйелдер көбейіп кетті. Олардың көпшілігі құрсақ көтеруді арман еткен әйелдер немесе "өзі үшін" бала тауып алғысы келетін кәрі қыздар болып шықты.

Бойжеткеннің жазбасының астына "Балаңды маған берші", - деген ұсыныстар толассыз жазылды. Тіпті кері хабарласуын өтініп, телефон нөмірін қалдырғандар да аз емес. Байқағанымыздай, перзент сүюді қалайтындар заңсыз жолмен де әрекет етуге дайын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
4
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel