Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова ел алдына төсін ашып шығатын жұлдыздарды сынап тастады

Опубликовано:

Жуырда "Время" газетіне сұхбат берген Мақпал Жүнісова ел алдында жүрген жұлдыздардың ашық-шашық киінетіне налыды. Оның айтуынша, жартылай жалаңаш суреттері мен аста-төк дастарханымен мақтанатын танымал тұлғалардың бұл әрекеті дұрыс емес деп жазады NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова жартылай жалаңаш күйінде ел алдына шығатын жұлдыздарды сынап тастады
Фото: reactorinform: UGC

Ол "ұят" түсінігіне қатысты пікір білдіріп, оның қазақ қоғамындағы мәніне ерекше тоқталып өтті.

"Ұят - бұл қазақтарға тән менталитет. Халқымыз әйелдің қысқа киіп, төсін ашқанын ұнатпайды. Бұл туралы біздің әртістерге де желі қолданушылары көп ескерту жасайды. Әлбетте, мен елдің бәрінің оранып алып, хиджаб киюіне қарсымын. Бірақ шешініп тастауға да болмайды.

Он бес жасқа дейін қыздар қысқа юбка, қысқа шалбар кие берсін, бірақ 25 жасқа келген бойжеткендердің, тіпті 45 жасқа келіп қысқа киетін әйелдердің мұндай әрекетіне қарсымын. Бұл өте ерсі көрінеді.

Әйел өзінің ұятты жерлерін күйеуіне ғана көрсетсін. Ал енді оны ел алдында көрсетіп, қоғамдық орындарда қымсынбастан ашық-шашық жүруге болмайды. Біздің танымал тұлғаларымыз, әртістеріміз "купальниктегі" суреттерін салып жатады. Тіпті жағажайда жүрсе де, бұлай жүргені маған ұнамайды.

Сонымен бірге мен жұлдыздардың аста-төк дастарханын көрсетіп, мақтанып жататынын да ұната бермеймін. Нан таба алмай отырған жандар туралы бір сәт ойлану керек қой. Елімізде ондайлар өте көп", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749051-makpal-znisova-el-aldyna-tsin-asyp-sygatyn-zldyzdardy-synap-tastady/

pixel