RU
Павлодарда күзет көлігімен соқтығысқан "Мерседестің" тас-талқаны шықты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда күзет көлігімен соқтығысқан "Мерседестің" тас-талқаны шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда Торайғыров пен Короленко көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы болып, 26 жастағы ер адам зардап шекті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Фото: @tipavlo

Фото: @tipavlo

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға таңғы сағат 5:46-да болған.

"Қаладағы күзет агенттіктерінің біріне қарасты "Лада-Гранта" маркалы автокөлігі "Мерседес" автомобилімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде "Лада-Гранта" көлігінің жолаушысы емханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен ер адам "жабық бас сүйек-ми" жарақатын алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel