RU
Оралдық жігіт жұрттың басына Головкиннің суретін салып жүр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оралдық жігіт жұрттың басына Головкиннің суретін салып жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Орал тұрғыны Думан Ілиясов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суреті бейнеленген шаш үлгісін ойлап тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Головкиннің суреті. Фото: Думанның жеке мұрағаты

Головкиннің суреті. Фото: Думанның жеке мұрағаты

17 жастағы жігіт Құрманғазы атындағы музыкалық колледжді тәмамдаған.

"Өзім суретшімін, сурет салғанды ұнатамын. Салонда жұмыс істеп жатқаныма бір жарым жыл болды. Мен тек шетелдіктер ғана емес, отандық шеберлер де ерекше шаш үлгісін жасай алатынын дәлелдегім келді.

Сонымен қатар, біздің Генаға қолдау көрсеткім келді. Бұл менің алғашқы туындым. Сол себепті, қатты сынамауларыңызды сұраймын. Келесі жолы жақсырақ болады деп ойлаймын", - дейді Думан.

Шаштаразшы мұндай шаш үлгісі он мың теңге тұратынын және оны жасатуға төрт сағат кететінін айтуда.

"Бұл шаш үлгісін досым Азаматқа жасап бердім. Ол бала кезінен спортпен шұғылданады және Головкиннің жанкүйері", - деп жалғастырды Ілиясов.

Геннадий Головкинді аңыз адам деп санайтын жігіт онымен бір рет жүздескенді армандайды.

Алтын Нығманның материалынан аударылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel