RU
Әл-Фарабидің бойында жалған нөмірмен жүйіткіген қымбат көлік иесі ұсталып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Әл-Фарабидің бойында жалған нөмірмен жүйіткіген қымбат көлік иесі ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматының Әл-Фараби даңғылында кешкі сағат 22:00 шамасында жол ережесін бұзған Mercedes маркалы автокөлігі тоқтатылды деп хабарлайды inalmaty.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Inalmaty.kz

Көрнекі фото: Inalmaty.kz

"Әл-Фараби даңғылының батыс бағытында қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Ол өз әрекеттерімен жолда келе жатқан басқа көліктерге апаттық жағдай қалыптастырған. 1998 жылы туған көлік жүргізушісіне төрт әкімшілік хаттама толтырылды.
Фото: Inalmaty.kz

Фото: Inalmaty.kz

Фото: Inalmaty.kz

Фото: Inalmaty.kz

Арнайы айыппұл тұрағына апарылған оның көлігінен екі жалған нөмір шыққан. Автомобиль иесі бұл нөмірлерді Ресей Федерациясынан алғанын жеткізіпті", - деп хабарлады Алматы қаласының әкімшілік полиция Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мураталиев.
Фото: Inalmaty.kz

Фото: Inalmaty.kz

Фото: Inalmaty.kz

Фото: Inalmaty.kz

Әкімшілік полицияның хабарлауынша, Әл-Фараби даңғылында жол ережесі бұзған басқа жүргізушілерге жеті әкімшілік хаттама толтырылыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel