RU
Құрбысына ашуланған ару көппәтерлі үйді өртеп жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Құрбысына ашуланған ару көппәтерлі үйді өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Сыктывкар елді мекенінде құрбысына ашуланған ару көппәтерлі үйді өртеп жіберген. 34 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды dom.lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Kinobum.club

Көрнекі фото: Kinobum.club

Оқиға көппәтерлі үйлердің бірінде болған. Үйден құрбысын таппаған ару ашумен көрші пәтердің есігін өртеп жіберіпті. Мамандар әйелдің бұл әрекеті тұрмыстық газды жарып жіберуі мүмкін болғанын айтады.

Мәлімет бойынша, ішімдікке сылқия тойған азаматша құрбысынан ақша алуға немесе ішуге келген екен. Бірақ, бұл уақытта келіншектің дос қызы үйде болмаған көрінеді.

Басқа үйден шу естіген соң ол бірден екінші қабатқа көтеріліпті. Бұл үйге де кіре алмаған соң ару пәтер есігін өртеп жіберген екен.

Абырой болғанда бұл істен тек бір пәтер ғана зардап шеккен. Оған қажетті жеті мың рубльді келіншек өз еркімен төлеп беріпті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel