RU
Елбасы италиялық қымбат костюм киетін шенеуніктерді сынап тастады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы италиялық қымбат костюм киетін шенеуніктерді сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасы шенеуніктерді отандық өнімдерді пайдалануға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ҚазАқпарат агенттігі

Фото: ҚазАқпарат агенттігі

Жиында елбасы Қазақстанда тігілетін киімдердің италиялық брендтен еш кем емес екенін, алайда бағасы әлдеқайда арзан екенін айтты.

"Біз осы жылдардың ішінде отандық жеңіл өнеркәсіпті жоғалтып алдық. Өзімізде тігілетін костюді қанша киіп жүрсем де, барлықтарың мына жерде Брионимен отырсыңдар. Қазақстанда тігілетін костюмдер одан жаман емес", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол қазақтардың көп қиындық көргенін, енді ақша түскен соң қымбат көлік пен үйлерді сатып алып жатқанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, президент батыс елдерінде байлықты көрсетпейтінін, ал бізде жарыса жариялайтынына шүйлікті.

"Батыста бай адамдар өзінің бай екенін елдің алдында көрсетпейді. Нағыз бай адамдар солай болады. Ал біздікі «менің машинам ананікінен жақсы, үйім биік» деп көрсетуі керек. Бұл нағыз сауатсыздық саналады. «Ұлық болсаң, кішік бол», деп қазақ неліктен айтқан? Байлықты біреу көреді, біреу көре алмайды", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың байлары мемлекет саясатының арқасында осындай дәрежеге жеткенін айтты. Сондай-ақ, елбасы оларға туған ауылдарына барып, әлеуметтік нысан салдыруды ұсынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
2
2
28
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel