Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғызбасты жастарға жан жарын табуға көмектесетін автомат ойлап табылды

Опубликовано:

Гонконгта жалғызбасты жастарға арналған ерекше автомат қойылды. Ол жерден капсула сатып алғандар өз махаббатын табу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап жазады.

Жалғызбасты ару. Фото: 120.su
Жалғызбасты ару. Фото: 120.su: UGC

2,5 доллар тұратын "тағдыр капсуласында" махаббатын іздеген жандардың ұялы телефон нөмірі жазылған. Кей кездері капсуладан байланыс ақпаратымен қоса кішігірім сыйлықтар да шығып жатады.

Жалғызбасты ару. Фото: 120.su
Жалғызбасты ару. Фото: 120.su: UGC

Автомат жігіттерге және әйелдерге бөлек орнатылған. Бұл автоматты ойлап тапқан Бен Танг есімді жігіт капсулаға өз нөмірін қалдырғандарды жіті тексерістен өткізеді.

Ол автомат жеңіл жүрістілерге емес, жан жарын іздегендерге арналғанына баса назар аударады.

Жалғызбасты ару. Фото: 120.su
Жалғызбасты ару. Фото: 120.su: UGC

Кей кездері автоматтан капсула алғандар жан жарын іздегендердің байланыс нөмірін жалпақ жұртқа жариялап жібереді. Десе де бұл құрылғыға жүгінетіндердің қарасы күн санап көбеюде.

Олар өмірлік жарын табуға автоматтың көмегі зор болатынына сенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1749103-zalgyzbasty-zastarga-zan-zaryn-tabuga-kmektesetin-avtomat-ojlap-tabyldy/

pixel