RU
Семейде үш баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде үш баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейде үш баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті. 20-шы тамыз күні белгісіз бағытқа қарай үйінен шығып кеткен 38 жастағы әйел қайта оралмаған деп хабарлайды Устинка LIVE-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © Устинка Live

Фото: © Устинка Live

Соңғы рет Динара Аубакированы 20 тамыз күні 17-00 шамасында Нахаловка ауылындағы үйіннен шыққан кезде ғана көрген.

Rina.KZ еріктілерінің мәліметінше, әйел адам ешбір құжаттарын, тіпті ұялы телефонында алмаған.

Жоғалған азаматшаның белгілері: Шашы қары, бойы шамамен 170 сантиметр. Ерекше белгілері: Маңдайының оң жақ бөлігінде тыртығы бар. Динара Аубакирова жоғалған күні үстінде майда моншақтармен көмкерілген ақ жейде мен қара-қоңыр шалбар болған.

Еріктілердің сөзінше, туыстары әйелдің қайда бағыт алғанын тіпті болжай алмай отыр. Қазір Динараны іздеу үшін полицейлер жұмылдырылған.

Егер кімде-кім Динара Аубакирова туралы қандай-да бір ақпарат білетін болса туыстары мына байланыс нөміріне хабарласуын сұрап отыр: 8-747-349-57-17, 8-701-548-68-32.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel