RU
Қазақстан маскүнем елдер тізімінде үздік ондыққа кірді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қазақстан маскүнем елдер тізімінде үздік ондыққа кірді

Рассказать Вконтакте

БҰҰ сарапшылары әлемнің барлық елдерінде ішімдік ішуден зерттеу жүргізген. Оған сәйкес, Еуропа елдерінің тұрғындары ішімдік ішуден алдына жан салмайтыны анықталған деп хабарлайды "Известия"-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: goodtaste.co.za

Фото: goodtaste.co.za

Сонымен бірге олар ішімдікті мөлшерінен көп ішудің салдарынан адамдар жүрек талмасы мен қатерлі ісік аураларына шалдығады, олардың ғұмырын қысқартады деген "аңызды" жоққа шығарды.

Мамандар бұл ретте әлемнің 195 елінің соңғы 25 жылдағы ішімдік ішуге қатысты көрсеткіштерін алған. Нәтижесінде әлемнің әр төртінші адамы шарап ішетіні анықталған. Дәлірек айтқанда, дүниежүзінде екі миллиард адам, яғни 63 пайызы ішімдікке әуес екен.

"Ішімдікті ең көп мөлшерде Еуропа елдері қолданатын болып шықты. Мысалы Данияның 97 % ерлері мен 95 % әйелдері шарап ішетіндіктерін мойындады. Дәл осындай көрсеткішті Германия, Норвегия, Франция және Польша елдері көрсетті. Ал ішімдікті ең аз ішетін елдер арасында Таяу Шығыс елдері орналасты",-дейді мамандар.

Сонымен бірге ішімдік салдарынан жиі көз жұматын елдердің арасында Африка және бұрынға Кеңес Одағы елдерінің тұрғындары бар екені анықталды.

"Мұндай елдердің қатарына Ресей, Украина, Латвия, Литва, Қазақстан және Беларусь» еніп отыр",-дейді сарапшылар.

Ал, жалпы көбінесе 16 және 49 жас аралығындағы ер адамдар ішімдік салдарынан көз жұматыны анықталған. Негізі әлемде жыл сайын үш миллионға жуық маскүнем ащы судың салдарынан қайтыс болатын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel