RU
Науқастың денесінде қайшыны ұмытып кеткен оташылар жаға ұстатты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Науқастың денесінде қайшыны ұмытып кеткен оташылар жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

60 жастағы Красноярск тұрғыны отадан кейін жарты жыл бойы ішінде қайшы жатқанын білмеген. Ота жасаған дәрігерлер оның денесінен қайшыны алуды ұмытып кетіпті. Бұл туралы NUR.KZ порталы "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ота. Көрнекі фото: © Depositphotos / spotmatikphoto

Ота. Көрнекі фото: © Depositphotos / spotmatikphoto

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, омыртқасына ота жасатқан 60 жастағы кейуана отадан кейін іші ауырып жүргеніне шағымданған. Алайда оташы бұның қалыпты жағдай екеніне сендіріп, өзге дәрігерге қаралуға кеңес беріпті.

Рентгеннен түскен зейнеткер ішінде 20 сантиметрлік қайшы жатқанын біледі. Денсаулығына жеңіл залал келген кейуана оташыларды сотқа берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel