RU
БҚО-да 8,5 млн теңгеге көлік сатып алған аурухана директорының басы дауға қалды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да 8,5 млн теңгеге көлік сатып алған аурухана директорының басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

БҚО-дағы облыстық департаменттің мониторингтік топ қызметкерлері Зеленовск аудандық ауруханасында арнайы тексеріс жүргізді. Оның нәтижесінде, аурухана директорының 8 миллион 390 мың теңгеге қызметтік автокөлік сатып алғаны анықталды деп жазады Уральская неделяға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook.com/anigmetov

Фото: facebook.com/anigmetov

Бұл туралы тексерісті жүргізген арнайы мамандандырылған топ басшысы Артур Нығметов хабарлады.

Оның айтуынша, медициналық мекеме мемлекеттік комуналды және шаруашылық басқару жүйесі ретінде қызмет етеді. Сол себепті олар, ақылы қызмет көрсету құқығына ие. Анықталғандай, төлемді қызметтер нәтижесінде түскен қаржыға аталмыш қымбат көлік сатылып алынған.

Мониторингтік топ басшысы аурахана интернет өткізу үшін 5 миллион теңге жетіспей тұрғанын айтуда.

"Бұл тұрғыда бір сұрақ туындайды. Аурахана осыншалықты қымбат көлікті алуға қатты мұқтаж болғаны ма? Оған қарағанда басқа да маңызды мәселелер бар ғой. Мәселен интернет қосу", - деп айтты Нығметов.

Бұған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрағасы мәлімдеме жасады. Қанат Төсекбаев оқиғамен арнайы тексеріс комиссиясы айналысатынын айтып, мекеме бюджеттен тыс қаржысын өздігінен жұмсауға құқылы екенін түсіндіре кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel