RU
Алексей Луценко Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
Жаңалықтар Спорт

Алексей Луценко Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Отандық спортшы осымен аталмыш турнирдің екі дүркін чемпионы болып отыр деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Топтасып жарысуда мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішімен жүріп өтіп, Азиаданың екінші алтынын жеңіп алды. 

Күміс жүлдені өзбекстандық Мураджон Халмуратов иеленген. Ол біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа қалып қойса, қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қалды.

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel