RU
Өз әйелін сатып жіберген танымал футболшы бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар Спорт

Өз әйелін сатып жіберген танымал футболшы бас бостандығынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Англиялық "Вест Хэм Юнайтед" клубының бұрынғы қорғаушысы, чех Томаш Ржепка бұрынғы әйелінің атынан секс-қызмет ұсынғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: David W Cerny / Reuters

Фото: David W Cerny / Reuters

44 жастағы Ржепка желіде өзінің бұрынғы әйелі Владки Ербованың атынан интимдік қызметтің жарнамасын таратқан. Бұл іске оған Катерина Кристелова көмектескен екен.

Аталған әрекеті үшін футболшы алты ай түрмеге жабылды. Ал оның сыбайласы екі мың еуро айыппұл төлейтін болды.

"Мен өз ісім үшін өкінемін. Менікі дұрыс болмады. Бірақ, мен бұынғы әйеліммен жақсы қарым-қатынаста емеспін" , - деді Ржепка.

Сондай-ақ, азамат бұл іске ұлын көре алмай жүргені себеп болғанын айтты.

Томаш Ржепка Чехия құрамасында 46 ойын өткізген. Ол еуропалық клубтарда танытқан көрсеткіштерімен танымал. Атап айтсақ, футболшы италиялық "Фиорентина" клубымен Италия кубогын жеңіп алған.

Сондай-ақ, спортшы дөрекі футболшылардың қатарында екен. Осы уақытқа дейін Ржепка 19 рет қызыл қағаз алыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel