Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбат тонымен мақтанған "Қалаулымдық" ару жұртқа жақпай қалды (видео)

Опубликовано:

Жақында ғана ұзатылған Жанерке Елшін өміріндегі қызықтарды күн сайын әлеуметтік желі арқылы белсенді түрде бөлісіп отырады. Атышулы "Қалаулым" жобасының қатысушысының жүктеген соңғы видеосы көпке ұнамай қалған. Көпшілік Жанеркенің қымбат тонымен мақтанғаны үшін сөгіп тастады деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанерке Елшін әріптес құрбыларының қымбат сыйлығын табыстау сәтін өз парақшасында оқырмандарымен бөлісті. "Қалаулымдық" арудың бұл әрекеті желі қолданушыларға ұнамай қалып, олар танымал бойжеткенді мақтанғаны үшін сынның астына алды.

Ұзату тойы кезінен жүктелген видеосының астына ол мынадай жазба қалдырды: "Өздеріңдей қайырымды, мейірімді, әрдайым жанашыр болып тұратын әріптестер тапқаныма қуаныштымын! "Бірлік бар жерде тірлік бар", Ынтымағымыз арта берсін! Осындай құнды сыйларыңа көп раxмет, тойдан қайтсын!"

Мұны көрген желі оқырмандары осындай видеоларды салудың керегі жоқ екенін айтып, оны сөгіп тастады.

"Шәй құйып жатсада салады, қонақ күтіп жатса да салады, құда тойында салады. Қандай келін болдың? Инстаграм келін деп жатқан шығар ата-енең?"
"Бергеннен соң ұзындау, әдемісін таңдап беру керек еді. Ананы жапқанда мен ұялып кеттім"
"Жанерке, бақытты болуыңды тілеймін! Алайда мына видеоға жол болсын? Осыдан барлығы жасанды екенін білдіресің! Кімді алдайсың? Халықты ма, әлде өзіңді ме?" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749170-kymbat-tonymen-maktangan-kalaulymdyk-aru-zrtka-zakpaj-kaldy-video/

pixel