RU
Қостанайда ажырасқан жұбайлардың ұрысы адам өлімімен аяқталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда ажырасқан жұбайлардың ұрысы адам өлімімен аяқталды

Рассказать Вконтакте

Ажырасып кеткен жұбайлардың арасындағы ұрыс адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы Қостанай облыстық баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Vladtime.ru

Фото: Vladtime.ru

2018 жылдың 20 мамырында ішімдік ішіп отырған азамат өзінің бұрынғы әйелімен ұрыса бастаған.

Бұл әңгімеден кейін келіншек бұрынғы күйеуінің үйіне өзімен бірге тұратын азаматтың ағасын ілестіріп келген екен.

Оқиға орнында еркектер бірден төбелесіп кетіпті. Сол мезетте әйелдің бұрынғы күйеуі келіншекпен ілесіп келген азаматқа пышақ сұғып алған көрінеді.

Қорқып кеткен келіншек бірге келген жігітті ұстап, қашуға дайындалыпты. Алайда ашуға булыққан бұрынғы жұбайы оны қайтадан пышақтап тастапты.

Жәбірленуші азамат оқиға орнында қаза тапқан. Ал қылмыскер бірден қашып кетіп, ізін суытуға тырысқан екен.

Дегенмен араға біраз уақыт салмай полиция қызметкерлері қашқан азаматты ұстап алған.

Қостанай облысының ауданаралық мамандандырылған сотының шешімімен ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel