RU
Қажылыққа аттанған 96 жастағы әжей көпшіліктің жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Қоғам

Қажылыққа аттанған 96 жастағы әжей көпшіліктің жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

Қазақстаннан қажылыққа барғандар Меккедегі қажетті рәсімдерін аяқтап шықты. Сауд Арабиясында қажылықтың қасиетті мауысымы өз соңына жетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді деп жазады Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Vlast.kz

Фото: Vlast.kz

Биыл Сауд Арабиясына қажылыққа барғандардың саны екі миллионға жеткен.

Қазақстандықтар Мина алқабына барып, күні бойы Арафатта болып және Мұздалифада түнеу сияқты бірқатар басты рәсімдерді атқарып шықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, елден қажылыққа барғандардың ең жасы 16-да болса, ең кәрісі 96 жаста болған.

"Қажылыққа барғандар отандастарымыздың денсаулықтары қалыпты. Тек бір қарт кісі ғана иығын шығарып алған. Алайда, жергілікті ауруханада оған жедел көмек көрсетілген" , - деп айтты басқарма өкілдері.

Мединада болмаған қазақстандықтардың қасиетті қалаға 24 тамыздан бастап барады.

"Мұхаммед пайғамбар жерленген Мединаға бару сүннет. Яғни ол міндеттелмейді, әркім қалауынша барады", - деп айтты діни басқармада.

Қажылыққа барғандардың Сауд Арабиясынан Қазақстанға бағытталған рейстері 27 тамыздан 31-не дейін болмақ. Алайда, ұшу кестелерінде өзгерістер орын алуы да мүмкін.

Қазақстандықтар елге он рейспен қайтып оралады.

Биыл қажылық 19 және 24 тамыз аралығында өтіп жатыр.

2018 жылы Қазақстанға қажылыққа бару үшін үш мың квота бөлінген. Былтыр бұл көрсеткіш 2500 адамды құрады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel