RU
Өзіне қалындық іздеген отбасылы отандық жұлдыз желіде сынға қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өзіне қалындық іздеген отбасылы отандық жұлдыз желіде сынға қалды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер әрі актер Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі өзінің соңғы жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды. Отбасылы ер адам жақын арада өзіне қалындық іздеумен айналысатынын хабарлап, көпшілікті таңғалдырды деп жазады NUR.KZ.

Нұртас Адамбайдың Instagram парақшасындағы жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Отандық актер отбасылы бола тұра жақын арада қалындық іздеуге ниетті екенін айтып, жұртты дүрліктірді.

Ұлы бар продюсердің мұндай мәлімдемесі оның оқырмандарын алаңдатып қойды. Көпшілік Адамбайдың ажырасып кеткенін болжады. Желі қолданушылар отандық жұлдызды бірден сұрақтың астына алған.

"Сіз отбасылы адам емессіз бе? Қайдағы қалындық?"
"Ажырасып кеттіңіз бе сонда? өте өкінішті"
"Демек ажырасып тынған. Іздеуіңізге сәттілік тілеймін" , - деп жазды желідегілер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
0
3
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel