RU
Алматыда терезеден бөтелке лақтырған 5 жасар бала төрт айлық сәбиді өлтіріп алды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда терезеден бөтелке лақтырған 5 жасар бала төрт айлық сәбиді өлтіріп алды

Рассказать Вконтакте

Алматыда бес жасар балақай терезеден бөтелке лақтырамын деп, қоларбадағы нәрестені өлтіріп алды деп хабарлайды KYN.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Здоровые Дети

Фото: Здоровые Дети

Бұл жайында отандық заңгер Кәмшат Есмұхамбет әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

"Кеше Алатау ауданында орналасқан, көп қабатты үйлердің бірінен бес жасар бала төменге қарай терезеден бөтелкені лақтырып жіберген көрінеді. Бөтелке жолда тұрған қоларбадағы төрт айлық шақалақтың басына түсіп қайтыс болған", - деді заңгер.

Осылайша, мұндай жағдайдан кейін, желі қолданушыларына шошып кеткенін жеткізіп, ата-аналарды балаларына аса мұқият болуына кеңес берді.

"Құрметті ата-аналар кейде балаларыңызды қимыл әрекетін бақылап отырыңыз. Жаман әдеттен тыйып, қоқысты терезеден тастамауды үйретсеңіздерші, өтініш", - деп жазды Кәмшат Есмұхамбет.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
8
25
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel