RU
Теміртауда автобус жүргізушісі мен жолаушы әйел төбелесіп қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Теміртауда автобус жүргізушісі мен жолаушы әйел төбелесіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Теміртау қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел арасында кикілжің туындап, соңы төбелеспен аяқталды. Ер адам келіншектің автобусқа итімен бірге кіргісі келгеніне қарсы болған деп жазады NUR.KZ.

Фото: ngzt.ru

Фото: ngzt.ru

Оқиға орнынан түсірілген видео shock_krg Instagram парақшасына жүктелген. Бейнежазбада күшігі бар әйел адамның нөмірі 107 автобусына мінгелі жатқаны көрініс тапты. Алайда, иті бар келіншекті қоғамдық көлік жүргізушісі кіргізбей қойған.

Автобус жүргізушісінің әрекетінен кейін әйел адам оны бейнекамераға түсіре бастады. Оны көрген ер адам келіншектің қолынан ұялы телефонын тартып алуға оқталған.

Боғауыз сөздерді жаудырған ер адам ақыр-соңы телефонды жерге қағып түсірді. Бірақ әйел адам оны қайта көтеріп, түсірілімін жалғастыра берді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғадағы келіншек елге танымал бапкер әрі спортшы Евгения Полтавцева болған. Оның алдын ала сатып алынып қойған билеті бар болып шықты. Ал қасындағы иті болса байлаулы күйде, жанындағы адамдарға қауіп төндімейтіндей кісендеулі болған.

Оқиғаға қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі әйел адамның қылығын жақтап, дөрекі жүргізушіні сынап тастаса, қалғаны керісінше ыстық жерде итпен бірге отырғысы келмейтіндерін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel