RU
Денис Тен туралы кітапты шетелден 1000000 адам жүктеп алды
Жаңалықтар Қоғам

Денис Тен туралы кітапты шетелден 1000000 адам жүктеп алды

Рассказать Вконтакте

"Біздің Денис" кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын. Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты 1000000 адам жүктеп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен туралы кітап. Фото: NUR.KZ

Денис Тен туралы кітап. Фото: NUR.KZ

Соның ішінде Қазақстан (30 пайыз), Ресей (15 пайыз), Қырғызстан ( 8 пайыз), Оңтүстік Корея (13 пайыз), Өзбекстан (6 пайыз), Франция (8 пайыз), Америка (10 пайыз), Түркия ( 3 пайыз), Италия ( 4 пайыз), Канада (3пайыз) және тағы басқа елдердің азаматтары бар.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты "Біздің Денис" деп аталатын кітап шығарды. Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген.

Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.

Естеріңізде болса, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 19 шілде күні Алматы қаласында қаза тапқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel