RU
2019 жылдан бастап республикалық бюджеттің дені халыққа жұмсалмақ
Жаңалықтар Саясат және экономика

2019 жылдан бастап республикалық бюджеттің дені халыққа жұмсалмақ

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасын қоғам мен бизнеске таныстырды. Онда әлеуметтік салаға басымдық берілмек деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бюджет. Көрнекі фото: kapital.kz

Бюджет. Көрнекі фото: kapital.kz

Негізгі шығындар адам капиталын, экономиканың нақты секторларын дамытуға, күш құрылымдары мен жалпы мемлекеттік шығыстарға қарастырылған.

"Республикалық бюджеттің шығындары 2019 жылы 10,6 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 16,7%, 2020 жылы 11 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 16%, 2021 жылы 11,4 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 15,3 % болады", — дейді Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельев.

Қаржы министрлігі үкіметтің ел азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелеріне басымдық берілетінін атап өтті.

Әлеуметтік саланың шығыстары 2019 жылға 4,7 триллион теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл жалпы шығыстардың 44,1% және осы жылдың жоспарынан 463 миллиард теңгеге жоғары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel