RU
Астанада құрттаған қарбыз сатқандарға айыппұл салынды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада құрттаған қарбыз сатқандарға айыппұл салынды

Рассказать Вконтакте

Астанада құрттаған қарбыз сатып жүргендер анықталды. Инспекторлар Елордадағы ең ірі сауда орталығын тексеріп, ішіне қауын шыбыны түскен адам жеуге жарамсыз қарбыздарды тапқан деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: general-bank.ru

Фото: general-bank.ru

Ішінде құрты бар қарбыздың сыртында белгісі болады екен. Қабығынан қоңыр-қызыл дақ көрсеңіз, оған қауын шыбыны ұя салған деген сөз.  Жеуге жарамсыз дақыл Астанаға Жамбыл облысынан әкелінген. Жалпы салмағы он тонна. Инспекторлар  оның 150 келісің, яғни 25-30 дана  қарбыздың үстіне  су құйып, топырақ үйіп тастады.

Ал шыбын түскен дақылды сатқан кәсіпкерге 48 мың теңге айыппұл салынды.

"Қала қонақтары мен тұрғындары базарда сауда орындарында алған кезде міндетті түрде қарбыздың сыртына көңіл аудару керек. Қауын шыбыны түскен дақылдарда қызыл-қоңыр бөлінділер пайда болады. Осыны көргенде міндетті түрде сол жерде бекітілген мемлекеттік карантин жөніндегі инспекторларға  хабарласыңыз. Адамға зияны жоқ. Алайда өздеріңіз көргендей, жеуге келмейді, бүлдіріп жібереді", - деді өсімдіктер карантині мемлекеттік инспекциясының Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары Сымбат Қалиасқаров.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel