RU
Анасына ән арнаған Қайрат Нұртас жылап жіберді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Анасына ән арнаған Қайрат Нұртас жылап жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші анасына арнаған әнін орындап жатып жылап жіберді. Қайрат Нұртас су жаңа туындысын жақын арада жарыққа шығармақ деп жазады NUR.KZ.

Анасына арнайы ән жаздырған Қайрат Нұртас көз жасын тыя алмады. Отандық әнші әнді орындатып жатқан сәтін видеоға түсіріп, өз парақшасына жүктеген.

Бейнежазбаның астына ол "Ауырмашы, анашым" деген жазба қалдырған. Желі оқырмандары бірден отандық жұлдыз анасының сырқаттанып қалғанын болжап, оған алаңдаушылық білдірді.

Алайда, жазба әншінің жаңа туындысын аты болып шықты. Анықталғандай, Қайрат Нұртас жақын арада ана жайлы су жаңа әнін тыңдармандарына тарту етпек.

"Хит болайын деп тұр ғо", Құдай қаласа"
"Аналарымыз аман болсын. Керемет ән"
"Әннің шынымен сізге әсері үлкен екені байқалып тұр. Жаңа туындыны күтудеміз"

"Ауырмасын анаңыз, дені сау болсын" , - деп жазды Гүлзира Айдарбекованың денсаулығына уайымдаған жұрт.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
6
0
2
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel