RU
Пластикаға жүгініп көрмеген ару мінсіз мүсінді денесімен желіде танымал болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Пластикаға жүгініп көрмеген ару мінсіз мүсінді денесімен желіде танымал болды

Рассказать Вконтакте

Сильвио Карусо есімді бойжеткен интернет кеңістігін жаулауда. 25 жастағы ару мінсіз мүсінінің арқасында ғаламтор кеңістігінде асқан танымалдылыққа ие болды. Мамандығы бойынша қаржыгер болған сылқым басқа қызметтік жолды таңдап кеткен деп жазады NUR.KZ.

Түп-тамыры италиялық болған ару мектеп кезінен бері өзінің дене бітіміне ерекше көңіл бөлген. Ол үнемі түрлі диетелерға отырып, өз ағзасын зақымдап та көрген. Нәтижесінде, арықтаудың сансыз амалдарын қолданған ол қалағанынша салмақ тастай алмай, керісінше толып кеткен.

17 жасында ол дұрыс тамақтану тәртібі туралы түрлі мағлұматтар жинап, оны ұстануға білек сыбана кірісіп кетеді. Арудың ұстанған бұл бағыты оны адастырмай, дұрыс тамақтану мен спорттың арқасында ол қалаған дене пішініне ие болды.

Мінсіз мүсінін сақтау үшін енді ол үнемі спорттық жаттығударды үзбейді. Және тамақтану әдеті де еш өзгермеген.

Қаржыгер мамандағын тәмамдаған бойжеткен ата-анасының қалаған қызметінде ұзақ жұмыс істей алмады. Ол өзі үшін саяхаттаудың бәрінен де жақын екенін түсініп, сол салаға қарай бет бұрды.

Ойлағаны іске асып, ол ірі туристік компанияға жұмысқа тұрды. Бүгінде Сильвио басты қызметімен қоса, анда-санда моджельдікті де қатар алуда. Өйткені, түрлі басылымдар мінсіз мүсінді аруды өз түсірілімдеріне жиі шақырып тұрса керек.

25 жастағы арудың айтуынша, ол өмірінде пластикалық отаға жүгініп көрмеген. Алайда, оықрмандар оның бұл мәлдімдемесіне үлкен күдікпен қарайды.

Сіздің реакцияңыз
29
4
3
3
7
59
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel