Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұятмендер -бақытсыз адамдар": Ашық суретімен танылған астаналық ару өзін сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Елорда тұрғыны Гаухар Қандалинова желіде "Гоха-кроха" лақап атымен танылды. Бойжеткен осы жазда парақшасына демалысынан ашық фотосын жүктеп, Instagram кеңістігін біраз шулатқан болатын. Оқырмандар бірден арудың қылығын ерсі санап, оны аяусыз сынның астына алды деп жазады NUR.KZ.

Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC

NUR.KZ порталына сұхбат берген бойжеткен өзі үшін "ұят" деген сөдің түсінігі мен өзіне қатысты басқа адмның пікірі не себепті оны қызықтырмайтынын айтып берді.

Семейдің тумасы бала кезінен бастап би және спортпен кәсіби түрде шұғылданып келді. Ол Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып, хореография ұстазы болып шықты.

Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC
"Университетті тәмамдағаннан соң, мен тағы екі жылдай Алматыда тұрдым. Бірақ уақыт өте елордаға көшуді жөн санадым. Мен үнемі өзім үшін жаңа белестерді ашқанды ұнатамын. Өзімді түрлі салада сынап көргенді де жақсы көремін.
Бірақ оның бәрінде бір шарт - спорт міндетті түрде болуы. Мен спортты қатты жақсы көремін, сол себепті қандай сала болмасын спортқа қатысы болса болды. Өйткені спорт - менің өмірім, - деп айтты ол.
Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC

Бойжеткеннің айтуынша ел арасында қызу талқыға түскен суретті ол былтыр жазда жасаған. Алайда, ол кезде ешкім жағымсыз сөздер айтпаған. Гаухар сол фотоға көпшіліктің неге дәл биыл шүйліккенін түсінер емес.

Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC
"Біреу әлеуметтік желіге таратып жіберген. Содан кейін еліміздің сүттен ақ, судан таза ұятмендеріміз шығып, аяусыз сыни пікірлерді жаудырды. Олар не, олардың сөздері де маған түк әсер етпейді. Мен таңғалатыным, былтырғы суреттің биыл осындай қызу талқыға түскені", - деп айтты Гаухар.
Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC
"Өзім үшін нақты айта алатыным мен барлық нәрсенің өз шегін білемін. Мен барынша ата-анамның тыныштығын қалаймын. Сол себепті, өзімді ортада жақсы ұстап, ұятты нәрселер жасаудан аулақ жүремін. Мәселен, мен тырдай жалаңаш түспеймін ғой суретке? Менің жақындарым менің әрекеттеріме көзқарасы түзу, сынамайды да.", - деді ару.
Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC

Семейлік ару бөтен адамдардың пікіріне мүлде мән бермейтінін айтып, олардың өзіне түк әсер етпейтінін жеткізді.

"Біреуге құлақ асқанша, өз пікірің болғаны жақсы. Мен танымайтын адамға қалайша жағымсыз заттарды жазуға болатынын түсіне алар емеспін", - деп айта кетті бойжеткен.

Гаухардың өзінің дене бітімін сынға алғандарға да жауабы бар бар болып шықты.

"Мінсіз адам болмайды. Кіші кезімде аяқтарым көңілімнен шықпайтын. Бірақ уақыт өте келе, мен спортпен шұғылдана бастап, өз дене бітімімді шын мәнісінде жақсы көре бастадым. Бүгінде, мен жаттығуларымды тастаған емеспін. Мен өзімді сұлумын деп есептеймін", - деді ол.
Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC

Бойжеткен ұятмендерді бақытсыз адамдар деп санайтын болып шықты. Оның айтуынша, үйде отырып біреуге жағымсыз дүние жазудың өзі барып тұрған "ұят".

"Бақытты адамдардың басқаларға мүлде уақыты да шаруасы да жоқ. Сол себепті, меніңше ұятмендер нағыз бақытсыз адамдар. Сол ұяттары олардың түбіне жетеді. Олардың жағымсыз пікір жазуға арнайы уақыт бөлетініне таңғаламын.
Ұят деген менің ойымда: үйде отырып түк жасамау, жұмыс жоқ деп жылау, несие алып төлемеу. Немесе несие алып, қымбат заттарды сатып алып мақтану. Оған қоса кішілер мен үлкендер арасында сыйластықтың болмауы ұятты", - деп айтты ару.
Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC

Гаухар Кандалинова қоғамның болашақта өзгеретініне үлкен үміт артуда. Оның ойынша, әркім өз ісімен айналысса әлемде бақытты адамдар саны көбейетін еді.

Фото жеке мұрағатынан
Фото жеке мұрағатынан: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749271-atmender-bakytsyz-adamdar-asyk-suretimen-tanylgan-astanalyk-aru-zin-synagandarga-zauap-berdi/

pixel