RU
80-ші жылдан кейін дүниеге келген қазақстандықтардың зейнетақысы қандай болмақ?
Жаңалықтар Саясат және экономика

80-ші жылдан кейін дүниеге келген қазақстандықтардың зейнетақысы қандай болмақ?

Рассказать Вконтакте

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1980 жылдан кейін дүниеге келген әрі 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ қазақстандықтардың зейнетақысы қандай болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Зейнеткер. Коллаж NUR.KZ (фото Istockphoto.com и vdmsti.ru)

Зейнеткер. Коллаж NUR.KZ (фото Istockphoto.com и vdmsti.ru)

Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы негізгі және ынтымақты болып бөлінеді. Біріншісі еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болса, екіншісін 1998 жылға дейін тым құрымағанда жарты жылдық еңбек өтілі барлар алады.

Қордың мәліметіне сүйенсек, бүгінде зейнеткерлер 80-85 пайызы мемлекеттік зейнетақыдан (негізгі және ынтымақты) құралатын төлемдер алуда, алайда уақыт өте келе бұл тәртіп өзгеріске ұшырайтын болады.

БЖЗҚ-ның айтуынша, 1980 жылы дүниеге келген қазақстандықтар, яғни 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқтар зейнетке 2040-шы жылдары шығады және негізгі бөліктен (мемлекеттік бюджет есебінен) құралатын зейнетақыға және еңбек ету кезінде жасалған аударымдарға тәуелді БЖЗҚ төлемдеріне үміткер бола алады.

Осылайша, жыл сайын жинақтаушы бөлік ынтымақты бөлікті ығыстыратын болады. Сол себепті, бүгіннен бастап тұрақты түрде зейнетақы жарнасын төлеп тұруға аса мән берген абзал дейді қордағылар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
10
2
3
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel