Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егізін іздеген семейлік жігіттің сыңары табылуы мүмкін

Опубликовано:

Семейлік Айдос Мұсабеков туғанынан көрмеген егіз бауырын жанұшыра іздеп жатыр. 28 жастағы жігіттің айтуынша, 1990 жылдың 14 қаңтарында Семей қаласының №2 перзентханасында өзімен бірге, Жандос есімді егіз бауыры дүниеге келіпті. Алайда дәрігерлер бір апта өткен соң, бауыры қайтыс болды деп, ата-анасының қолына егіздердің біреуін ғана ұстатады екен. Енді ер-азамат туған бауырын қалай да тапсам дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Instagram желісіндегі парақшада 28 жастағы жігіт былай деп жазған:

"Мен осыдан 28 жыл бұрын туылғанмын 14.01.1990 жылы. Анашымның айтуынша, Семей қаласының 2 роддомы. 7 ай толмай туылдық, 1300-1500 кг болып. Өте әлсіз болыптық. Мен егіздің сыңарымын! Оның аты - Жандос куәлігі бойынша. Ал казір басқа шығар. Туылған күнінде де өзгеріс болуы мумкін. Егізімді шетінеп кетті деп әке-шешемді сендірген дәрігерлер мен медбикелер, анашымды сол Семей қаласының облыстық ауруханасына ауыстырып жіберіпті.

Олар ең болмаса мені тірі алып қалайын деп, бар ойын маған бөліпті. Міне енді жақында бір себептер арқылы егізімнің ұрланғалы туралы естіп, есіміз кетті! Ол тірі, жоспарланып ұрланған деп естіп жатырмын. Мұндай қадамға не себеп болғанын түсінбедім. Анашыма өте қатты соққы болды! Әрине бұл өте қысқаша айтылған мәлімет. Документ бойынша да іздеп жатырмыз. Сіздерден сұранарым қолдарыңыздан келгенше маған ұқсайтын адамдарды танитын болсаңыздар немқұрайлы қарамаңыздаршы! 87024470008 ватсапқа сурет жіберсеңіздер. Репост жасап сыңарымды табуға көмек сұраймын!"

Семейлік Айдос Мұсабековке көмек қолын созамын дейтіндер болса, келесі номерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 87024470008

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749280-egizin-izdegen-semejlik-zigitti-syary-tabyluy-mmkin/

pixel