RU
Алматылық бухгалтер 37 млн теңгені ұрлады деп айыпталуда
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық бухгалтер 37 млн теңгені ұрлады деп айыпталуда

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер департаменті Алматы қаласындағы фирмалардың біріндегі ұрлық туралы түсініктеме берді. Компания өкілі бұрынғы бухгалтерді қылмыс істеді деп айыптап отыр. Анық болғандай, әйел төрт ұйымның қаржысын жымқырған болуы мүмкін деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Әлеуметтік желіден/ time.kz

Фото: Әлеуметтік желіден/ time.kz

Юлия Казанцева бес компаниядан 37 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінген. Бұл қылмысқа қатысты арудың үстінен ұрлық фактісі бойынша іс қозғалыпты. Егер Казанцева өз кінәсін мойындаса, 5-10 жыл түрмеге жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, келіншектің барлық мүлкі мен ақшасы тәркіленетін болады.

Алайда қазір күдікті Қазақстан сотына ұстатпай жүр. Ресейде тұрып жатқан әйел ақшаны жымқыруды айыптап отырған Сергей Гуськовтың өзі итермеледі дейді.

Оның сөзінше, Сергейдің өзі аруға Ресейге шығып кетуге кеңес беріпті.

Гуськованың бұл мәлімдемесі ешкімді таң қалдырмады. Сергей келіншектің Воронеж қаласының құқық қорғау органдарына берген арыздарынан хабардар болып шықты.

"Бірақ полицияда Казанцеваның анасы да болды. Ол үйде жатқан ақшаны қайтаруға уәде берді. Ол Юляны жіберсеңіз, мен сізге ақшаны Алматыға өзім әкеліп беремін деп айтты" , - деді Сергей.

Одан бөлек, Ішкі істер департаменті күдіктінің азаматтығына қатысты түсініксіз мәселелерге көңіл аударды. Ол ресейлік төлқұжаты бола тұра, Қазақстан азаматтығымен жүрген екен. Алайда бұл жерде отандық жауапты органдар ешқандай заң бұзбапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel