RU
Азиада - 2018: Жүзуден Қазақстан командасы эстафетадан үздік үштікке енді
Жаңалықтар Қоғам

Азиада - 2018: Жүзуден Қазақстан командасы эстафетадан үздік үштікке енді

Рассказать Вконтакте

Жүзуден Қазақстан командасы эстафеталық сында қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

400 метрге кешенді түрде жарысудан Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин мен Александр Варакин қорғаған болатын. 

Біздің команда 3:35.62 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке енді. Бірінші орынды Қытай, екінші орынды Жапония спортшылары иеленді. 

Қазақстан жүзу спортынан эстафеталық сында соңғы рет Гуанджоудағы (2010) ойындарда жүлдеге іліккен болатын. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel