RU
Жүрегін ауыстырған қазақ жігіті отадан кейінгі өмірі жайлы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Жүрегін ауыстырған қазақ жігіті отадан кейінгі өмірі жайлы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жүрегін ауыстырған Жәнібек Оспанов отадан кейінгі өмірі жайлы айтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оспанов. Фото: kstnews.kz

Оспанов. Фото: kstnews.kz

2012 жылдың тамызында Қазақстанда жүрегін ауыстырған алғашқы тұрғын атанды. Оспанов бүгінде кардиохирургия орталығына науқастармен жұмыс істейтін әкімші ретінде жұмысқа тұрған және " Өмір тынысы"қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

"Ауру болып, өліп қалғаннан тірі жүрген жақсы ғой. Отадан кейін дені сау, кәдімгі адамға айналдым. Оған дейін қатты ауырдым, кез келген уақытта о дүниеге аттанып кетуім мүмкін еді. Өмірді қайта бастағанда оның қадірін түсіне бастайсың. Көбірек пайдалы етіп өткізуге тырысасың", - дейді Жәнібек.

Оспанов өзіне донор болған азаматтың ұлы Игорьмен жақсы араласады екен.

"Біз өте жақсы қарым-қатынастамыз. Қалай танысқанымызды ұмыта бастаған сияқтымыз. Біз бір-біріміз үшін қуанамыз, қуанышта да, қайғыда да бір-бірімізді тастамаймыз. Ол үйленді, әке атанды, ол үшін өте қуаныштымын", - дейді Жәнібек.

Дені сау болу үшін күнде спортпен шұғылданатын азамат бүгінде жүрек отасына 150 шақты адам кезекке тұрғанын айтуда.

"Нақты санын айтпай-ақ қояйын, 150 адам шамасында. Бұл нақты диагноз қойылған анықталған науқастар ғана. Шын мәнінде бұдан да көп. 2012 жылдан бастап қазірге дейін Қазақстанда жүрек ауыстыру бойынша 65 ота жасалды. Бұл жерде де бәрі донор санына байланысты, тек жүрегін ғана емес, бүйрегін, бауырын да алады. Мемлекет елдегі трансплантацияның дамуы үшін көп жұмыс істеді: орталықтар бар, күту парақшалары құрастырылды, мамандар бар, қадағалаушы мекеме бар", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel