RU
Қостанайда танысын пышақтаған жүкті әйел сотталып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда танысын пышақтаған жүкті әйел сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанайда өз танысына екі рет пышақ сұққан екіқабат әйелге қатысты үкім шықты. Оның жүкітілігіне сегіз ай болған деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ашық дереккөзден/ bnews.kz

Фото: Ашық дереккөзден/ bnews.kz

Оқиға 9 маусым күні болған. Аяғы ауыр Мария Генш достарымен ішімдік ішіп отырған екен. Осы уақытта ол жәбірленуші Дарья Клаковскаямен ұрыс бастапты.

Кикілжіңнің соңы төбелеске айналыпты. Сол мезетте жүкті әйел өз танысына екі рет пышақ сұғып алған екен.

Сот отырысында Генш өз әрекетіне өкінетінін айтты.

"Қостанай облысының қылмыстық істерге қатысты маманданған ауданаралық соты Геншті кінәлі деп тапты және оны үш жыл абақтыға жабу туралы үкімге қол қойды", -деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel