RU
Құрбан айт кезінде Шымкенттегі қойлардың бағасы 65 мың теңгеге шарықтап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Құрбан айт кезінде Шымкенттегі қойлардың бағасы 65 мың теңгеге шарықтап кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында құрбан айт кезінде қойлардың бағасы шарықтап кеткен. Әсіресе айттың үшінші күні құрбандыққа шалынатын малдың бағасы 65 мың теңгеге жеткен. Оған қоса, қойды сойып беретіндер де еңбекақысының төлемін өсіріп жіберген деп жазады NUR.KZ.

Фото: zamana.kz

Фото: zamana.kz

Шымкент қаласы құрбан айт мерекесіне сақадай сай дайындалған. Әкімдік тіпті қала ішіндегі мал сойып сатумен айналысатындарды шетке шығару мақсатында «Бозарыққа» шыға беріс аумақта арнайы жабдықталған цех ашқан.

Аталмыш кооперативтегі сатылған қойлардың бағасы 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін жеткен.

Арнайы сойып сатар орын ашылғанымен адамдардың барлығы ол жаққа толығымен көшпеген көрінеді. Өйткені, Шымкенттегі Дулати және Мәделіқожа көшелерінде бұл шаруамен айналысатын отбасылар әлі де бар болып шықты.

Яғни жеке кәсіпкер ретінде үй иелерінің мал сойып сатуға рұқсаты, құқығы бар, мемлекетке тиісті салығын төлеп тұрады. Олардың да сұрап отырған бағасы 25-45 мың теңге аралығын құрады.

Ал Құрбан айттың үшінші күні болса, қойлардың басым көпшілігі сатылып, олардың саны күрт азайғаны анықталды. Соның салдарынан құрбандық малдың бағасы да шамалы өскен.

Айттың үшінші күні қойлар 30 мыңнан бастап 45 мың теңгеге дейін саудаланды. Ал, 25 мың теңгенің қойларын жұрт Құрбан айттан бұрын және айт намазынан соң-ақ қалдырмай алып кеткен.

45 мың теңгеден қымбатқа сатылған қойлар да болды. Мәселен, кеше бір қойды 65 мың теңгеге саттым», – деп айтты жергілікті сатушы.

Дегенмен, қала ішінде 25 мың теңге тұратын қойларды табуға мүмкіндік жоқ емес, бар. Алайда, олардың етін асқанда қояндікіндей бір уыс болып қалатындай көрінеді.

Қой бағасымен қоса, соятын адамдардың да еңбекақысы өскені байқалуда. Мәселен былтыр, шымкенттіктер үйге алып келіп сою үшін 1000 теңге алса, биыл сатылған жерде союға 1500 теңге сұрап отыр. Ал сатып алушының үйіне арнайы бару үшін соятын адамдар үстінен 3000 және 4000 мың теңге табыс көреді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel