RU
Ер адаммен жаға жыртысқан СІМ қызметкерінің басы дауға қалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ер адаммен жаға жыртысқан СІМ қызметкерінің басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан азаматы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі агенттікке мемлекеттің Сыртқы істер министрлігі қызметкері дене жарақатын салды деген арызбен келген. Бұл туралы bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: 7sunews.kz

Фото: 7sunews.kz

"Алғашында кішігірім қылмыс бұзған қызметкер кейін одан да ауыр қылмыстарды жасаудан тайынбайды. Бізге Сүлейменов деген азаматтан министрлік қызметкері дене жарақаттарын салды деген арыз келіп түсті. Қазіргі уақытта ішкі істер қызметі қылмыстық іс қозғады", -деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, агенттікке Хабиденова есімді азаматша да арызбен келіпті. Ол Қазақстанның Сингапурдағы өкілдігі консулының екінші хатшысы Алдамжаров көлік оқиғасынан соң туындаған қаржылық жауапкершіліктен бір жарым жыл бойы қашып жүргенін айтқан екен.

"Ол Хабиденованың көлігіне зақым келтіріп, өз кінәсін мойындаған. Осылайша, өзінің техникалық төлқұжаты мен көлік жүргізу куәлігін тастап кетіпті. Аталған оқиғалар Сыртқы істер министрлігі ұжымының абыройына кері әсер ететіні анық" , - деді Бектенов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel