Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсын Алагөзовтің қызы атасын сотқа берді

Опубликовано:

Тұрсын Алагөзовтің қызы Амина Марат атасы Тұрым Алагөзовті сотқа берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы соттың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрым Алагөзов. Фото: instagram.com/turumalaguzov
Тұрым Алагөзов. Фото: instagram.com/turumalaguzov: UGC

10 тамыз күні бойжеткен Тұрым Алагөзовті пәтерден қуып шығуды талап етіп, сотқа шағым берген.

Сот сайтынан скриншот
Сот сайтынан скриншот: UGC

Шағым Медеу аудандық сотына келіп түсті. Сот анықтамасына сәйкес, пункттердің бірінде екі тараптың келісімге келуіне көмектесу сөз етілген.

Сот сайтынан скриншот
Сот сайтынан скриншот: UGC

Айта кетсек, Тұрым Алагөзов желі парақшасында оның пәтерін тартып алуы мүмкін екенін жазған болатын.

Амина Мараттың өзі болса, ата-анасы ажырасқаннан кейін тегін ауыстырып жіберді.

Еске салсақ, бұған дейін Тұрсын Алагөзов сот шешімімен Әл-Фараби даңғылындағы элиталық пәтерінен қуылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749318-trsyn-alagzovti-kyzy-atasyn-sotka-berdi/

pixel