RU
Түркістан облысында 12 млн теңге пара алған әкімшілік бөлімінің басшысы тұтқындалды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында 12 млн теңге пара алған әкімшілік бөлімінің басшысы тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының әкімшілігіндегі құрылыс бөлімінің басшысы пара алған сәтінде ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Жедел түсірілім скриншоты

Фото: Жедел түсірілім скриншоты

Тергеу жұмыстары шенеуіктің кәсіпкерден 12 миллион теңге көлемінде заңсыз марапат алды деп есептейді.

Анықталғандай, делдалдар параны шендіге бірнеше бөлікке бөліп апарып тұрған. Әкімшілік қызметкері Ақбай ауылындағы мектепке қосымша корпус салуға мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт құрып беруге уәде еткен. Аталмыш лоттың құны 400,5 млн теңге.

Тергеу жұмыстары параны тасыған делдалдарға да қатысты жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
1
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel